ІІМ сайлау күні Қазақстандағы ахуал туралы мәлімдеме жасады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылғы 23 тамызда, Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауы өтіп жатқан күні елдегі ахуал тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелген жоқ. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, полицияның басты міндеті – дауыс беру басталған сәттен аяқталғанға дейін қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Барлық дайындық жұмыстары алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Еліміздің барлық өңірінен ақпарат онлайн режимде үздіксіз түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі ахуал тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелген жоқ", – деді Шыңғыс Әлекешев ОКҚ-да онлайн-марафон аясында өткен брифингте.

ІІМ ресми өкілі полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласпайтынын атап өтті.

Полиция қызметкерлері дауыс беру залына сайлау комиссиясы төрағасының шақыруымен ғана кіре алады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда тарихта алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Қазақстан
Шымкент
Құрылтай
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін