Құрылтай депутаттарын сайлау: 8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова 2026 жылғы 23 тамызда ОСК-да өткен брифингте Құрылтай депутаттарын сайлаудағы сайлаушылардың осы уақытқа дейінгі келу көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әсел Жанәбілова сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілгенін еске салды. Қазіргі уақытта олардың басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерді.

"Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 адам бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,37%-ын құрайды", – деді ол.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге келу көрсеткіші мынадай:

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауда дауыс бергені хабарланған болатын. Президент бұл күнді еліміз үшін тарихи күн деп атады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін