Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сурет: gov.kz
Шыңғыс Сүйінбаев Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 2023 жылғы қарашадан бері ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 24 тамызда Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды. Оның орнына ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Шыңғыс Сүйінбаев тағайындалды", – делінген хабарламада.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа орынбасарының практикалық білімі мен кәсіби тәжірибесі өзіне жүктелген міндеттерді сапалы орындап, әлеуетін толық іске асыруына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Шыңғыс Сүйінбаев 1988 жылғы 4 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Стандарттау, метрология және сертификаттау", Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін "Экономика және бизнес" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты "ҚазИнМетр" РМК "Қазақстандық салыстырып тексеру қызметі" Алматы филиалының бірінші санаттағы маманы болып бастаған. Кейін салыстырып тексеру зертханасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Әр жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде басшылық қызметтер атқарған.

2022-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болды.

2023 жылғы қарашадан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, 2026 жылғы 13 тамызда Ренат Құрмамбаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады