Қазақстанда температура көтеріліп, ыстық күндердің қатары көбейіп келеді

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары соңғы 50 жылда Қазақстандағы ауа температурасының қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, соңғы онжылдықта елімізде ауа температурасының тұрақты түрде жоғарылау үрдісі байқалады.

"1976-2025 жылдар аралығында Қазақстан аумағындағы орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,4°C-қа жоғарылап отырған", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 тамызда.

Мамандардың айтуынша, жылыну көктем мезгілінде айқынырақ байқалады – әр он жыл сайын шамамен 0,7°C. Ал температураның ең жылдам өсуі наурыз айында тіркелген – он жылда шамамен 1,1°C.

"Жаз мезгілінде де температура өсіп келеді – орта есеппен әр 10 жыл сайын 0,26°C-қа", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Метеорологтар әсіресе еліміздің батыс және оңтүстік өңірлеріндегі өзгерістер айқын екенін атап өтті.

Мәселен, орташа жылдық температура:

"Бұл ретте тек орташа температура ғана көтеріліп жатқан жоқ. Ыстық күндердің саны, аптап ыстық кезеңдерінің ұзақтығы және жылы түндердің саны да артып келеді", – деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

Мамандардың пікірінше, қазіргі кездегі маңызды үрдістердің бірі – жалпы жылынумен қатар, температуралық экстремумдардың күшеюі.

Бұған дейін "Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына қатысты қызықты мұрағаттық деректерді ұсынған болатын. Мамандар осыдан 50 жыл, 30 жыл бұрын және 2026 жылы 23 тамызда еліміздің үш ірі мегаполисінде ауа райы қандай болғанын айтып берген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді