Оның мәліметінше, инфляцияның болжамды дәлізі 2027 жылы 7,5-9,5%, ал 2028-2029 жылдары 6-8% деңгейінде белгіленген.
"Макроэкономикалық болжамды ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері 2027 жылы 19,9 трлн теңге, 2028 жылы 21,7 трлн теңге, ал 2029 жылы 23,4 трлн теңге болады деп болжанып отыр. Бюджет қағидасына сәйкес кепілдендірілген трансферт көлемі 2027-2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, 2029 жылы 2 трлн теңге болып белгіленді", – деді Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028-2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлу көзделген.
Бұған дейін Серік Жұманғарин 2027-2029 жылдарға арналған жалпы ішкі өнімнің өсу болжамын таныстырған еді.