Мемлекет басшысы білім сапасы төмен өңірлердің әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында өңірлер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою қажеттігін айтып, Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, биыл Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының түлектері ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткен. Ал Түркістан, Ұлытау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарындағы көрсеткіш көңіл көншітпейді.

"Әсіресе, тиісті министрлік пен әкімдік Түркістан облысындағы ахуалға назар аударуы керек. PISA ұйымының зерттеуі де Түркістан облысындағы білім сапасының мәз емес екенін көрсетті. Бұл – аймақтың оқу-ағарту жүйесінде олқылықтар әлі бар деген сөз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайды дағдарыс деп бағалауға болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Түркістан облысындағы оқушылардың 75 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан балалардың жан-жақты әрі қарқынды дамуына қажетті жағдай жасау маңызды.

"Қажетті инфрақұрылым салып, шалғай елді мекендерге мықты мамандарды тартқан жөн. Бұл – Үкіметтің және әкімдіктердің алдында тұрған жедел міндет, жұмысты жоспарлы түрде тездетіп атқарып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қажет", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы өңірлер арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты жою қажет екенін айтып, төмен нәтиже көрсеткен облыстардың әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды.


"Жалпы, төмен нәтиже көрсеткен барлық аймақтың әкімдері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек. Үкіметке осы жұмысты тиімді үйлестіруді тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды