Президент "Келешек мектептеріне" қатысты жаңа міндет қойды

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында орта білім беру жүйесін жаңғыртуға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент ең алдымен білім сапасы төмен нәтиже көрсеткен өңірлерге нақты көмек көрсетуді тапсырды.

"Президент Әкімшілігіне Үкіметпен бірлесіп, төмен нәтиже көрсеткен облыстарға нақты көмек көрсетуді, мысалы, арнайы талдау жүргізуді тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жан-жақты зерттелген шешімдер әзірлеуге тиіс. Бұл ретте жоғары нәтижеге қол жеткізген мектептер мен даму институттарының тәжірибесін кеңінен пайдалану қажет.

Президент орта білім мазмұнын заман талабына сай жаңғырту мәселесіне де ерекше тоқталды.

"Құзырлы министрлік орта білімнің мазмұнын заман талабына сай жаңғыртуы қажет. Мысалы, тарихи аңыздар мен шындыққа сай келмейтін оқиғалардың орнына өскелең ұрпаққа ілгерілеуге, прогреске бағытталған пәндерді оқыту қажет. Ал тиісті бағдарламаларды даярлау – министрліктің жедел мақсаты", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Келешек мектептері" жобасының алдағы кезеңдегі негізгі міндетін белгіледі. Оның айтуынша, бұл мектептер инновациялық шешімдерді енгізуге және ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыруға ықпал етуі керек.

Осы бағытта Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына зор жауапкершілік жүктеледі.

"Алдағы үш жыл ішінде "Келешек мектептері" білім берудің озық тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталыққа айналуға тиіс", – деді Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды