ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді

Сурет: election.gov.kz
Бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) XVI отырысы өтіп, онда Құрылтай депутаттары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Құрылтайға сайланған барлық депутат қатысты.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, Құрылтай депутатының өкілеттігі оны Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы депутат ретінде тіркеген сәттен басталатынын еске салды.

Отырыста ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман баяндама жасады. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған 145 Құрылтай депутатын тіркеу туралы қаулы жобаларын әзірлеген.

Осыған байланысты:


"Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталды. Енді сіздер – елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарысыздар. Құрылтай депутаттары төте сайлау құқығы негізінде сайланды. Сайлау науқанының барлық кезеңі заңнама талаптарына қатаң сәйкестікпен ұйымдастырылды. Депутаттық мандат – халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі. Ал Құрылтай депутатының мәртебесі әрқайсыңызға еліміз бен халқымыздың алдында үлкен жауапкершілік жүктейді", – деді Нұрлан Әбдіров.

Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.

Қазақстан
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Әділет" партиясынан Құрылтай құрамына кімдер кіретіні белгілі болды

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Резервтегі әскери қызмет: келісімшарт нысаны бекітілді