Реформаның арқасында тарихи тамыры тереңде жатқан Құрылтай ұғымы қайта жаңғырды – Президент

Сурет: akorda.kz
Президент реформалардың нәтижесінде тарихи тамыры тереңде жатқан Құрылтай ұғымының қайта жаңғырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, ата-бабаларымыз ел тағдыры шешілетін сындарлы сәттерде Құрылтай шақырған. Соның ішінде Талас құрылтайы алып империя – Алтын Орданың құрылуына себепкер болса, Ордабасы құрылтайы қиын-қыстау кезеңде барша қазақты бір байрақтың астына жинаған.

"Бұл ұғым Ұлы даладағы парламентаризм институтының жылнамасы тереңде екенін айғақтайды. Сондықтан заң шығарушы органға Құрылтай деген атау бердік", – деді Президент.

Ол Құрылтай атауын қайтару өткенді көксеу емес, тарихи сабақтастықты сақтау және саяси дәстүрді заманауи басқару жүйесімен ұштастыру екенін атап өтті.

"Құрылтай ұғымы халқымыздың өткенін, бірегей болмысын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын айшықтайды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның өскелең ұрпақтың игілігі үшін ынтымағы жарасқан, Заң мен тәртіп үстемдік құрған Әділетті, Қауіпсіз, Таза және Күшті Қазақстанды құрып жатқанын айтты.

"Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сіздер осы миссияны іске асыруға белсене атсалысып, ең алдымен ұлттың, жалпы халықтың мүддесіне адал қызмет етесіздер деп сенемін", – деді Президент.

Бұған дейін Президент жарлығымен Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткені туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Құрылтай
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан азаматтан 6 келі есірткі тәркіленді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Тоқаев Ердоғанның шақыртуын ықыласпен қабыл алды