Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі қашан құрылатынын айтты

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 12:00 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында жасақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган болмақ.

"Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осылайша қысқа уақыт ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін беретінін атап өтті.

Сөз соңында Президент халыққа адал қызмет ету мен ұлттық мүддені бәрінен биік қоюдың маңызына тоқталды.

"Нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті, Күшті Қазақстанды құру баршаға ортақ міндет екенін айтып, Құрылтай депутаттарын ел аманатына адал болуға шақырды.

"Ел аманатына адал болу – парыз. Сіздер осы жолда табанды еңбек етесіздер деп сенемін", – деді Президент.

Мемлекет басшысы Құрылтай жұмысына табыс тілеп, сөзін:


"Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Қазақстан Республикасы жасасын!" – деп қорытындылады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: