Қазақстанның цифрлық трансформациясы саяси-институционалдық деңгейге көтерілді - сарапшы

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда Құрылтайдың алғашқы сессиясында Президент Үкімет пен Құрылтайдың алдағы жұмысының бірқатар маңызды бағытын айқындады. Сарапшы Zakon.kz тілшісіне e-Parliament жүйесін енгізудің және Қазақстанға жаңа технологияларды тартудың маңызы туралы айтып берді.

Халықаралық қатынастар және саясаттану саласының сарапшысы Сүйінбай Сүйіндiковтің айтуынша, толық форматтағы e-Parliament жүйесін енгізу – Парламент жұмысын жай ғана цифрландыру емес, заң шығару процесінің сапасы мен ашықтығын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қадам.

Жүйе заң жобаларын әзірлеу, қарау, талқылау және қабылдау процестерін бірыңғай цифрлық ортада біріктіруге мүмкіндік береді.

"Біріншіден, депутаттар, мемлекеттік органдар мен сарапшылар арасындағы өзара іс-қимыл жеделдейді. Екіншіден, заң жобалары туралы ақпараттың ашықтығы артып, азаматтардың парламенттік қызметке қатысу мүмкіндігі кеңейеді. Үшіншіден, цифрлық технологиялар адами фактордың ықпалын азайтып, құжат айналымын жеңілдетуге және заң шығару процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді сарапшы.

Оның пікірінше, e-Parliament жүйесін Қазақстанның саяси-институционалдық деңгейдегі цифрлық трансформациясының жалғасы ретінде қарастыруға болады.

"Оның түпкі мақсаты – жаңа технологияларды енгізу ғана емес, барынша ашық, тиімді және азаматтардың мүддесіне бағдарланған Парламент қалыптастыру", – деп есептейді Сүйіндiков.

Сарапшы "Алтын визаны" енгізу мәселесіне де түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл тетік ел экономикасына елеулі үлес қоса алатын шетелдік инвесторлардың, жоғары білікті мамандар мен кәсіпкерлердің Қазақстанда ұзақ мерзім тұруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

"Мемлекет басшысының сөзі Қазақстанның адами капитал мен инвестиция тарту жолындағы халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты жаңа ұстанымын аңғартады. Қазақстан капиталмен бірге технологияларды, заманауи басқару тәжірибесін, білім мен жоғары білікті мамандарды тартуға ұмтылып отыр. Яғни инвестиция көлеміне ғана емес, оның сапасына да басымдық беріледі", – деп түсіндірді спикер.

Оның пікірінше, "Алтын визаның" тиімділігі көбіне оның кімдерге және қандай нақты талаптар негізінде берілетініне байланысты болады.


"Егер бұл тетік жоғары технологиялық салаларды, инновацияны, өндіріс пен ғылымды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қабілетті инвесторлар мен мамандарды тартуға бағытталса, Қазақстанның экономикалық және технологиялық дамуын едәуір жеделдете алады", – деді сарапшы.

Басқаша айтқанда, e-Parliament жүйесін мемлекеттің ішкі институционалдық жаңғыруының белгісі, ал "Алтын визаны" Қазақстанның инвестиция, технология және адами капитал үшін бәсекесінің жаңа кезеңі ретінде қарастыруға болады, деп қорытындылады Сүйінбай Сүйіндіков.

Қазақстан бір палаталы Парламент үлгісіне көшкеннен кейін Құрылтай депутаттарының қабылданатын шешімдерге қатысты жауапкершілік аясы кеңейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астанада өткен Құрылтайдың алғашқы сессиясындағы сөзін түсіндірген сарапшы Zakon.kz тілшісіне осындай пікір білдірді.

Қазақстан
Құрылтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Демалыс уақытында баланың бос уақытын қалай пайдалану керек

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда