Мектепке макияжбен келуге бола ма: министрлік жауап берді
Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 28 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің мектептерінде қандай әрекеттерге жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер оқушы қыздарға сабаққа боянған күйде келуге тыйым салынады деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.
"Сабаққа боянған күйде келуге қатысты Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында нақты тыйым жоқ. Алайда білім беру ұйымдарында бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін мектептердің үлгілік ішкі тәртіп қағидалары мен жарғылары бар екенін атап өткім келеді. Балалардың кішкентай кезінен косметика қолдануы, ең алдымен, денсаулығына зиян екенін түсінеміз. Сондықтан мектептер өздерінің ішкі тәртібінде ата-аналардың балаларын мектепке бояусыз жіберуін қамтамасыз ету талабын белгілей алады", – деп түсіндірді Шынар Ақпарова.
Сонымен қатар ол мектептерде жарақат келтіруі мүмкін бөлшектері бар аксессуарларды тағуға жол берілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тыйым министрліктің бұйрығында тікелей көрсетілген.
Бұған дейін Шынар Ақпарова 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушыларды қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript