"Бернли" бас бапкері Сәтбаевты командаға үлгі етті

Сурет: instagram/burnleyofficial
Ағылшынның "Бернли" клубының бас бапкері Ники Хайен Чемпионшиптің үшінші турында "Норвичке" қарсы өткен матчта (1:4) қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың ойынына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, сырт алаңдағы кездесу қазақстандық футболшының командасы үшін 1:4 есебімен ірі жеңіліспен аяқталды.

Сәтбаев чемпионат аясында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, матчты толық 95 минут өткізді.

"Бүгін Дастанды да көрдіңіздер – 18 жастағы жігіт алаңдағы ең үздік ойыншы болды. Басқа футболшылар да өз ойынына қарап, өздеріне сұрақ қоюы керек. Егер Дастанның командаға қандай энергия қосқанын, команда үшін қалай күрескенін көрсеңіздер, дәл осындай ойынды бәрі көрсетуі керек. Бірақ, өзім айтқандай, бұл – процесс. Біз біртіндеп қажетті нәтижеге қол жеткіземіз. Әрине, бұл мен үшін де қиын жағдай, өйткені жанкүйерлердің көңілі қалды және олардың реакциясын толық түсінемін. Мен де маусымның бұлай басталуын елестеткен жоқпын. Бірақ жағдайды өзгертетінімізге кепілдік бере аламын", – деді бапкер матчтан кейін.

Flashscore статистикалық порталы Сатпаевтың ойынына 7,6 балл қойды. Бұл "Бернли" футболшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін