Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметіншем Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Еске салайық, 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.
29 қарашада сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript