Астана мектептерінде Білім күніне арналған алғашқы сынып сағаттары өтті

Сурет: Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
1 қыркүйекте, Астана мектептерінде жаңа оқу жылындағы алғашқы сынып сағаттары өтіп жатыр. 1-11 сынып оқушыларына арналған сабақтар «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Сынып сағаттары "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызы түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге басымдық берілді.

Сурет: Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сабақтарда "Адал азамат", "Таза Қазақстан", "Заң және тәртіп" және "Толық адам" құндылықтарына ерекше назар аударылды. Оқушылармен өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, заң талаптарын сақтау, өзгелерді құрметтеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері талқыланды.

Жаңа 2026-2027 оқу жылында елордадағы 206 орта білім беру ұйымында 337 мыңнан астам бала білім алып жатыр. Олардың шамамен 33 мыңы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Сурет: Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа оқу жылына орай елорданың білім беру ұйымдарында кешенді дайындық жүргізілді. Қауіпсіздік, интернет байланысының сапасы, санитарлық жағдай және тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Барлық мемлекеттік мектеп бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Камералар мен дабыл түймелері Бірыңғай ахуалдық орталыққа және Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.

Сурет: Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету үшін 14 баспадан 1,2 млн-нан астам кітап сатып алынды.

Мемлекеттік мектептердің бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балалардың барлығы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Сурет: Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңында елордадағы №13, №41, №72, №73, №79, №82 және №86 мектептерінің жанынан жеті қосымша оқу ғимараты, сондай-ақ екі жекеменшік мектеп ашылды.

Жаңа нысандар қосымша оқушы орындарының санын арттырып, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді