Жамбыл облысында дәмханада жанжал шығарған ер адам сотта "ештеңе есімде жоқ" деп ақталмақ болды
Фото: pixabay
Жамбыл облысында мас күйінде Жаңатастағы дәмхананың қоршауынан асып түсіп, кәмелетке толмаған баланы балағаттап, оған қолына түскен заттарды лақтырған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2026 жылғы тамызда қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Б. есімді азамат қоршаудан асып түсіп, дәмхана аумағына кірген. Сол жерде кәмелетке толмаған баланы көріп, оны балағаттап, қолына түскен түрлі заттарды лақтыра бастаған.
Оқиға орнына бірден полиция шақырылды. Қорқып қалған баланың анасы бұзақыны жауапкершілікке тартуды талап еткен.
Сарысу аудандық сотының мәліметінше, құқық бұзушының кінәсі тараптардың түсініктемелерімен, полиция хаттамасымен және іс материалдарымен толық дәлелденген.
"Сотта Б. алкогольдік ішімдік ішкенін және болған оқиғаның нақты қалай өрбігенін есіне түсіре алмайтынын айтты. Жәбірленушінің анасы мұндай жағдайдың бұған дейін де болғанын айтып, қатаң жаза тағайындауды сұрады", – делінген сот хабарламасында.
Сот ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript