Жалған брокерлер қарт қазақстандыққа мол табыс уәде етіп, 2,5 млн теңгесінен айырды

Фото: freepik
Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғыны жалған брокерлерге сеніп, интернет-алаяқтықтың құрбаны болды. Бұл туралы 2026 жылғы 1 қыркүйекте өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарт азамат инвестициядан оңай әрі кепілді табыс табуға уәде берген алаяқтардың арбауына түскен. Қаскөйлер зейнеткерді бірнеше ай бойы Atlas Web Trader деп аталатын платформа арқылы қомақты қаражат салуға үгіттеген.

Олар шотқа ақша түскен сайын кірісі еселеп өсетініне сендірген. Жинағын көбейтуді көздеген ауыл тұрғыны несие алуға мәжбүр болған.

"Алаяқтар көрсеткен шоттарға ақша аудару үшін жәбірленуші әрқайсысы 1 млн теңгеден екі несие рәсімдеген. Бұдан бөлек, микроқаржы ұйымынан тағы 500 мың теңге алған. Ер адам барлық қаражатты қаскөйлерге аударған", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Ер адам алаяқтардың құрбаны болғанын "тапқан" дивидендтерін шешіп алмақ болған кезде ғана түсінген. Алайда "қаржы кеңесшілері" түрлі сылтау айтып, одан қосымша төлемдер талап ете бастаған.

Алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп, қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып жатыр.

Бұған дейін "салық органынан" түскен қоңыраудың салдарынан қазақстандық зейнеткер 2,6 млн теңгесінен айырылған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз