Екібастұз тұрғыны 25 жыл тұрған пәтерін сот арқылы заңдастырды

Фото: Zakon.kz
Екібастұз тұрғыны 25 жыл бойы адал тұрып, өз қаражатына жөндеген мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерді ресми жалға алу құқығына сот арқылы қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азамат А.-ның Екібастұз әкімі мен қалалық Экономика және қаржы бөліміне қатысты әкімшілік ісін қарады. Ер адам әкімдіктен осы пәтерді оған ресми түрде жалға беруін сұраған.

Іс материалдарына сәйкес, пәтер талапкерге Екібастұз қаласында 2000 жылы берілген. Сол кездегі әкімнің шешімімен небәрі бір жыл мерзімге уақытша қоныстану туралы жалдау шарты жасалған.

"25 жыл бойы талапкер аталған пәтерде тұрып, коммуналдық қызмет ақысын төлеген және тұрғын үйді өз қаражаты есебінен қалыпқа келтірген. Алайда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оның атына тіркелмеген. 2026 жылғы наурызда ол тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде есепке қойылған", – деп хабарлады сот.

Барлық мән-жайды зерделеген сот талапкердің талабын ішінара негізді деп таныды. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес, азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беру жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыретіне жатады.

Сот ер адамның ұзақ уақыт бойы даулы пәтерде іс жүзінде тұрып келе жатқанын, басқа жеке баспанасының жоқ екенін, тұрғын үй кезегінде тұрғанын және осы жылдар бойы мүлікке адал күтім жасағанын ескерді.

Нәтижесінде сот Екібастұз қаласы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін талапкерге даулы пәтерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын жасау арқылы беруге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні