Telegram-нан жұмыс тапқан алматылық әйел 2 келі есірткімен ұсталды

Фото: polisia.kz
Алматы тұрғыны Telegram арқылы курьерлік жұмыс тауып, еңбекақысын криптовалюта түрінде алмақ болған. Алайда оның "жұмысы" есірткі тасымалдаумен байланысты болып шықты. Полиция көліктен шамамен екі келі мефедронға ұқсас зат тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция бөлімінің мамандарымен бірлесіп, психотроптық заттарды тасымалдауы мүмкін деген көлік құралын ұстаған.

"Алматы – Бішкек тасжолында көлік тоқтатылды. Тінту кезінде жедел уәкілдердің назарын жолаушы орындығы аударды. Оның астынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше вакуумдық пакет табылды. Алдын ала болжам бойынша, бұл мефедрон болуы мүмкін. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен екі келі, яғни аса ірі мөлшер", – деп хабарлады полиция департаменті.

Тергеудің алдын ала мәліметінше, әйел "жұмысты" Telegram-арна арқылы тапқан. Оның міндеті есірткіні тасымалдап, кейін оны арнайы жасырын орындар арқылы басқа адамдарға беру болған. Орындаған тапсырмалары үшін ол криптовалюта түрінде ақы алған.

Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Мамандар оның нақты түрі мен салмағын анықтауы тиіс.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу ірі мөлшерде жасалған жағдайда, мүлікті тәркілей отырып, 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді