Банк менеджері клиенттерінің 200 мың теңгесін жымқырған

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 18:33 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төлемдерін рәсімдеу сылтауымен клиенттердің ақшасын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 10 қарашада облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, екінші деңгейлі банктердегі қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында банк қызметкерінің ақша жымқыру дерегі анықталған.

Прокуратура мәліметінше, банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, азаматтарды алдап, сақтандыру өтемақысын рәсімдеп, төлеу сылтауымен өңір тұрғындарының ақшасын иемденген.

Заңсыз әрекеттер салдарынан Ұлытау облысының үш тұрғыны зардап шеккен.

"Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңгені құрады. Кінәлі адамға қатысты сот айыптау үкімін шығарды", – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: