29 миллион теңгенің малын ұрлаған: алты адамға сот үкімі шықты

Фото: akorda.kz
Жетісу облысының Сарқан ауданында алты тұрғын аса ірі көлемде мал ұрлағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Қылмыскерлер 61 бас ірі қара малды ұрлап, жергілікті фермерлерге 28,8 млн теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 7 қыркүйекте Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында күдіктілердің алдын ала сөз байласып әрекет еткені анықталған.

"Ұрланған малды олар Алакөл ауданынан Сарқан ауданына айдап әкеткен. Малдың бір бөлігін кейін сойып, етін сатуды жоспарлаған. Полиция қызметкерлерінің жедел-тергеу жұмыстары барысында қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының әрекеті анықталды", – деп хабарлады ведомство.

Жиналған дәлелдер қылмыстың барлық мән-жайын және әр күдіктінің рөлін толық анықтауға мүмкіндік берген.

Сот үкімімен алты сотталушының барлығы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін қазақстандық азамат жұмыс берушісінен 25 млн теңге ұрлап, ақшаны алма ағашының түбіндегі кастрөлге көміп қойғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды