Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері еліміздің бірнеше өңірінде тінту және ұстау шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық топтардың 50-ден астам мүшесі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі мәліметінше, Астана, Өскемен қалалары мен Алматы облысында 40 млн теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды.

Күдіктілерден атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ бірнеше қымбат автокөлік табылып, тәркіленді. Ұсталғандардың үшеуі бұған дейін сотталған. Олардың арасында адам өлтіргені үшін жазаға тартылғандар да бар.

Осыған ұқсас ұстау шаралары Шымкент қаласында, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Абай облыстарында жүргізілді.

"Аталған фактілер бойынша барлығы 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Заңсыз айналымнан атыс және травматикалық қарудың 10-нан астам данасы, сондай-ақ олардың оқ-дәрілері тәркіленді. Бұдан бөлек, дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында жәбірленушілердің 77 млн теңгеден астам қаражатын иемденуге жол берілмеді", – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары заңсыз әрекетке қатысы бар өзге де адамдарды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту бағытында жұмыс жүргізуде.

Бұған дейін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте, рақымшылық аясында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 1 400-ден астам адам босатылып, тағы 1 600-ден астам адам пробация қызметінің есебінен шығарылғаны хабарланған еді. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда рақымшылық шарасы 8 мыңнан астам адамды қамтыды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз