"SARAISHYQ UPGRADE 2026" жастар форумы қорытындыланды

Сурет: Атырау ӨКҚ
Атырауда екі күнге созылған "SARAISHYQ UPGRADE 2026" жастар форумы аяқталды. Биыл форумға қатысуға 1000-нан астам жас өтінім беріп, іріктеу нәтижесінде 300-ге жуық қатысушы жоба жұмысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Форумның екінші күні қатысушылар алты бағыт бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, өз жобаларын қорғады. Шеберлік сабақтарын Олжас Нұрбай, Дастан Оразбеков, Фарангиза Шукашева, Амангелді Ислам, Сандуғаш Абдиева және Дәуіт Сұраған өткізді.

Сурет: Атырау ӨКҚ

Сурет: Атырау ӨКҚ

Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, жастарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ форумның алты бағыты бойынша шеберлік сабақтарын өткізген спикерлерге Атырау облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Сурет: Атырау ӨКҚ

Биылғы "SARAISHYQ UPGRADE 2026" форумы да өз мәресіне жетті. Қатысушылардың белсенділігі жастардың форумға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Форум аяқталғанымен, мұнда қорғалған жобалар алдағы уақытта іске асып, жалғасын табады деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді Жасұлан Бисембиев.

Қорытынды кеште "Үздік жоба үшін Grant" байқауының жеңімпаздары анықталды. Алты бағыттың әрқайсысы бойынша үздік деп танылған бір қатысушыға 500 мың теңгеден грант табысталды.

Сурет: Атырау ӨКҚ

Грант иегерлері Астана қаласынан және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан келген қатысушылар арасынан анықталды.

Сурет: Атырау ӨКҚ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум барысында ұсынылып, қорғалған жобаларды алдағы уақытта іске асыруға қолдау көрсетіледі. Бұл жастардың шығармашылық және инновациялық бастамаларын дамытуға бағытталған.

Қазақстан
Атырау
Оразбеков Дастан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды