Бұл ақпаратты 11 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі растады.
"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп жауап берді ҰҚК баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісінің сауалына.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Суюн Құрмантаевқа қатысты тексеру жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған.
Бейресми мәлімет бойынша, полиция подполковнигі танысына 520 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесуге уәде берген.