Жамбыл облысында 17 жастағы жасөспірім есірткі қолданғаны үшін айыппұл арқалады

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 21:12 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында 17 жастағы жасөспірімнің ағзасынан есірткі заттарының іздері анықталған. Аудандық сот кәмелетке толмағанын ескере отырып, оған қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот анықтағандай, 2026 жылғы шілдеде медициналық тексеру кезінде 17 жастағы жасөспірімнің ағзасынан каннабиноидтардың метаболиттері табылған.

Жасөспірім есірткі затын қолданғанын мойындап, өкінетінін айтты. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтамады.

"Заң бойынша мұндай құқық бұзушылық үшін 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу қарастырылған. Алайда кәмелетке толмағандар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК-пен шектеледі (43 250 теңге)", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: