Астанада пәтер алып беремін деп танысын алдаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен бұрыннан таныс болғаны анықталды. Бұған дейін олар бір қалада тұрған. Әңгімелесу барысында әйел құрылыс компанияларында таныстары бар екенін айтып, солардың көмегімен пәтер сатып алуға жәрдемдесе алатынын жеткізген.

Оның уәдесіне сенген жәбірленуші алдын ала төлем ретінде әйелге 1,5 млн теңге берген. Осыдан кейін күдікті ұзақ уақыт бойы тұрғын үй мәселесін шешуге уәде беріп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 39 жастағы әйел тұрғылықты жері бойынша ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін