Іздеу жұмыстары Қарасай ауданында жүргізілді. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД жедел штабы құрылды. Іздеу операциясына Алматы облысының құтқарушылары мен ТЖМ-нің "Барыс" РЖҚО қызметкерлері, полиция, медицина мамандары және еріктілер тартылды.
Аумақ жылу камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппараты мен тікұшақтың көмегімен тексерілді. Таңертең жоғалған топ әуеден анықталды.
Құтқарушылар тоғыз адамға жетіп, оларды автотұраққа дейін алып шықты. Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады.