Алматыда Esentai Mall маңындағы көлік қозғалысының сызбасы өзгерді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы әл-Фараби даңғылының Esentai Mall сауда және ойын-сауық орталығы маңындағы бөлігінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, мұндай шешім көлік қозғалысын реттеу, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің жолақтарды ретсіз ауыстыруына жол бермеу мақсатында қабылданған.

Бұған дейін сауда орталығы аумағынан шыққан жүргізушілер бірден көршілес жолақтарға ауыса алатын. Соның салдарынан бірнеше көлік қатар маневр жасап, сол жақ шеткі жолаққа өтуге ұмтылатын. Бұл қозғалыстың баяулауына және көлік ағынының біркелкі жүрмеуіне әкелген.

Енді солтүстік бағыттағы Үшкемпіров көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта қозғалыс сызбасы реттелді. Сауда орталығынан шыққан көліктердің бірден басқа жолаққа ауысуына шектеу қойылып, жолдың аталған бөлігіне тұтас таңбалау сызықтары сызылды.

Жаңа тәртіп бір мезгілде маневр жасайтын көліктердің санын азайтып, көлік ағынын жолақтарға біркелкі бөлуге және осы учаскедегі қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жүргізушілерден енгізілген өзгерістерді ескеріп, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтауды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін басшылыққа алуды сұрады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді