Алакөлде көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы тіркелді

Фото: polisia.kz
Жетісу облысында полицейлер "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізуде.

10 қыркүйекте Алакөл ауданының Ақши ауылында көші-қон заңнамасын бұза отырып еңбек қызметін жүзеге асырған 14 шетел азаматы анықталды.

Тексеру барысында олардың Қазақстан аумағында қажетті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткені белгілі болды. Сонымен қатар шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзу фактілері анықталды.

Шетел азаматтары мән-жайды анықтау және заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, оларды қарау және тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады. Осы бағыттағы профилактикалық және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді