Қазақстанда азаматтарды өңірлерге ерікті түрде қоныстандыру тетігі қайта қаралады

Фото: unsplash
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында азаматтарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта материалдық көмек көрсету тетігін жетілдіру, сұранысқа ие мамандар мен шаруа қожалықтарының басшыларын қосу арқылы бағдарламаға қатысушылар аясын кеңейту көзделген. Сондай-ақ қолданылатын терминдерді өзектендіру және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманың жаңа нормалары арасындағы қайшылықтарды жою жоспарланып отыр.

Құжаттың мақсаты – жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін азаматтарды ерікті түрде қоныстандыру тетігін жетілдіру, бағдарлама қатысушыларына көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және қағидаларды республика заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкестендіру.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыру нәтижесінде:

Құжат "Ашық НҚА" порталында 19 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған