Қазақстанның криптовалюта нарығы 30 еседен астам өсті

Фото: Zakon.kz
Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) реттеушісі – Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеттің (AFSA) басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында баяндама жасады.

Ол соңғы бірнеше жылда цифрлық активтермен жүргізілген операциялар көлемі мен реттелетін криптонарықтағы клиенттер санының қалай өзгергенін айтты.

Оның мәліметінше, 2023 жылы лицензияланған ортада жасалған операциялардың көлемі 320 млн доллар болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 10,5 млрд долларға жеткен.

"2026 жылдың бірінші жартыжылдығында операциялар көлемі 5,5 млрд долларға жетті. Осылайша қысқа уақыт ішінде реттелетін нарық 30 еседен астам өсті. Клиенттер саны да айтарлықтай артты. 2023 жылы олардың саны 53 мың болса, бүгінде 270 мың адамға жетті. Бұл клиенттердің реттелетін ортаға деген сенімі артып келе жатқанын көрсетеді", – деді Еркеғали Еденбаев.

Бұған дейін ол сарапшылардың бағалауы бойынша, әлем бойынша қазақстандықтарға 1 млн-ға жуық криптоәмиян тиесілі екенін айтқан еді. Сонымен қатар Қазақстан нарығына тағы бес халықаралық криптоплатформа шығуы мүмкін.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады