Қазақстан мен Ресей шекарасында 160-қа жуық жүк көлігі жиналып қалды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" автомобиль өткізу бекетінде Ресейге бағыт алған 160-қа жуық жүк көлігі кезекте тұр. Бұл туралы 2026 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына хабарлады.

Көлік кептелісіне Ресей аумағындағы "Сағаршын" өткізу бекетінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған.

Белгілі болғандай, 4 қыркүйектен бері аталған бекетте жол жабыны ауыстырылып жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысы бір жолақпен кезек-кезек ұйымдастырылған. Соның салдарынан өткізу бекетінің өткізу мүмкіндігі төмендеп, шекарадан өту уақыты ұзарды.

Қазақстанның мемлекеттік органдары "Жайсаң" өткізу бекетіндегі жұмысты күшейтті.

"Көлік қозғалысын жеделдету үшін транспорт ағыны реттеліп, көліктердің бір бөлігі жақын маңдағы өткізу бекеттеріне бағытталып жатыр. Сондай-ақ электрондық кезектегі орындар саны Ресей тарапының өткізу мүмкіндігіне қарай түзетілуде", – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Жүк көліктерінің жүргізушілеріне де түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ведомство өкілдері шекарадағы жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

"Тасымалдаушыларға сапар бағытын жоспарлау кезінде шекарадағы жағдайды ескеру ұсынылады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап Алматы – Бішкек тасжолының Қаскелең маңындағы учаскесінде ірі габаритті және ауыр салмақты көліктердің қозғалысы уақытша шектелетіні хабарланған еді.

Ресей
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді