Өтініш беруге аудио және бейнежазбалар дәлел ретінде пайдаланылған қылмыстық іс себеп болған.
Конституциялық сот заңды жолмен алынған мәліметтер ғана дәлелдеме ретінде танылуы мүмкін екенін атап өтті.
Даулы ереже аудио және бейнежазбаларды алу тәртібін белгілемейді. Сондай-ақ ол сотты мұндай материалдардың іске қатыстылығын, дәлелдеме ретінде пайдалануға жол берілетінін және анықтығын тексеру міндетінен босатпайды.
"Нақты жазбаларды алудың заңдылығы, сондай-ақ жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының сақталуы тиісті қылмыстық істі қарау кезінде қылмыстық қудалау органдары мен сот тарапынан бағалануға тиіс", – деп қорытындылады Конституциялық сот.
Бұған дейін Конституциялық сот жұмыс беруші мен қызметкер арасында бәсекелеспеу туралы шарт жасасуды реттейтін ҚР Еңбек кодексінің 29-бабы 1 және 2-тармақтарының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қараған еді.