Қазақстан мен Корея 12 бағыт бойынша құжат алмасты

Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Корея стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауыншам келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрлері болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік орнату туралы вербальді ноталар алмасты.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Корея Республикасы Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрлігі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Корея Республикасы Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі арасындағы ғылым және технологиялар саласы бойынша таланттарды дамыту туралы ынтымақтастықтың негіздемелік құжаты;

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасындағы EPS жүйесі бойынша қызметкерлерді бағыттау және қабылдау бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Корея Республикасы Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрлігі арасындағы атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі мен Корея Республикасы Зияткерлік меншік министрлігі арасындағы зияткерлік меншік саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Корея Республикасы Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі арасында қаланы, инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Корея Республикасы Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі арасындағы озық әуе қозғалысын дамыту саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі мен Корея Республикасы Орман қызметі министрлігі арасында ормандарды цифрлық қалпына келтіру және климат өзгерісіне қарсы күрес шаралары жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Корея Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған мәдени ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Корея Республикасы Патриоттар мен ардагерлер істері министрлігі арасындағы Тарихи нысандарды сақтау және басқару саласы бойынша жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр