"Таза Қазақстан": Жетісу облысында "Taza Ozen" экологиялық акциясы өтті

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында Қаратал өзенінің жағалауында "Taza Ozen" экологиялық акциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды насихаттау.

Акцияға жастар, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысып, өзен жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау, қайта өңдеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздан басталады. Бүгін біз Қаратал өзенінің жағалауын тазалап қана қоймай, табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын өз ісімізбен көрсетіп отырмыз. Мұндай шаралар экологиялық жауапкершілікті қалыптастырады", – деді "Қазақстан студенттер альянсы" Омбудсмені Ақерке Қызайбай.

Сондай-ақ қатысушылар арасында экологиялық квест ұйымдастырылып, үздік командалар мен белсенділер дипломдар, алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шара барысында "Таза Жетісу – таза болашақ" қағидаты насихатталып, тұрғындар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға шақырылды. Акция қорытындысында Қаратал өзенінің жағалау аумағы қоқыстан тазартылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті