Алматы мен Астанадан Дубайға рейстер қайта ашылады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның ірі әуе компаниясы Air Astana 2026 жылғы 16 қыркүйекте Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына ұшуды жоспарлап жүрген жолаушыларға жағымды жаңалық жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясының Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеге сәйкес:

"Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы – Дубай – Алматы, ал 2 қазаннан бастап Астана – Дубай – Астана бағыттарындағы тұрақты рейстерді қайта орындауды жоспарлап отыр".

Қазан айында рейстер жиілігі біртіндеп артатыны да айтылды:

"Әуе компаниясы өңірдегі жағдайды бақылап отыр. Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұшу кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға хабарланады", – мәлімдеді Air Astana.

Бұған дейін Air Astana Дубайға орындалатын рейстер туралы 18 тамызда хабарлаған еді. Сол кезде әуе компаниясы бұл бағыттағы рейстердің 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін тоқтатылатынын мәлімдеген.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді