Астанада есірткі сататын интернет-дүкеннің "қоймасы" анықталды: 2 мыңнан астам түйіншек тәркіленді

Фото: polisia.kz
Астанада елордалық полицейлер есірткі заттарын сақтап, таратты деген күдікпен 33 жастағы ер адамды анықтады.

Жеке тінту барысында ер адамның бел сөмкесінен сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар, марихуана салынған түйіншектер табылды. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде әртүрлі жерлерден түрлі түсті изолентамен оралған, құрамында ұқсас зат бар екі мыңнан астам түйіншек анықталды.

Сонымен қатар сұйық консистенциялы зат құйылған түтікшелер табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат гашиш майы болып шықты. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 2 келіден асты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Медициналық куәландыру барысында ұсталған адамның есірткі заттарын қолданғаны да анықталды. Ер адамның мессенджерлер арқылы тыйым салынған заттарды таратумен айналысатын интернет-дүкен үшін "қойма" қызметін атқарғаны анықталды. Қазіргі уақытта есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ