Қостанай әкімі мектеп оқушысымен 5 мың теңгеге бәстесті

Фото: Zakon.kz
Қостанай әкімі мен мектеп оқушысы арасындағы әзілге құрылған қызықты сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аlаu басылымының жазуынша, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Құнай шағынауданына барған кезде балалар алаңында турникке тартылып жатқан баланы байқап қалған.

Сол сәтте Марат Жүндібаев жас спортшыға ерекше ұсыныс жасады:

"Бес рет тартылсаң, бес мың теңге беремін".

Бала тапсырманы орындап, бес рет тартылды. Қала әкімі уәдесінде тұрып, оған бес мың теңге берді. Сыйлығын алған бала қуанып, алаңнан жүгіріп кетіп қалды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 17 қыркүйекте Сәтбаев қаласына жаңа әкімтағайындалды. Сондай-ақ Президент Әкімшілігімен келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Текелі қаласының әкімі де ауысты.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Ресей өзінің жаңа көліктерін Қазақстанға импорттауды доғара бастады