Қоқыс полигонынан қарасора жұлып алған павлодарлық сотталды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысының Шарбақты аудандық сотында есірткі затын заңсыз сақтады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 16 қыркүйегінде Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылдың тамыз айының соңында ер адам ескі қоқыс полигонының аумағынан қарасора өсімдігін жұлып алып, оны кептіріп, жеке қолдану үшін үйінде сақтаған.

Тінту кезінде одан марихуана салынған екі орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы аз мөлшерге жатқызылған.

Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

"Жаза тағайындау кезінде кінәсін толық мойындауы, жасаған ісіне өкінуі, төрт кәмелетке толмаған баласының болуы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді", – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Ер адамға 80 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды