Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.
Видеода жұмысшылар рельстерді төсеп, монтаж жұмыстарын орындауда.
"Момышұлы көшесі, Мөңке би көшесінен оңтүстік бағытында, Д.А.Қонаев атындағы мешіттің шамасындағы учаскеде рельс төсеу жұмыстары", делінген видео сипаттамасында.
Ұзындығы 18,3 шақырым болатын бұл жол Төле би және Момышұлы көшелерімен, сондай-ақ Абылай хан даңғылымен өтеді. Құрылыс шамамен 36 айға созылады. Жұмысты аяқтау, желіні 2027 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Алматыда жүргізіліп жатқан LRT құрылысының 375 инженерлік коммуникацияға әсер ететіні белгілі.