Президент: Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды

Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екенін айтып, мемлекет азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл міндет Конституцияда нақты бекітілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заңда Қазақстан азаматтарының заңда белгіленген медициналық көмекті тегін алуға құқығы көрсетілген.

"Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды. Өйткені бұл міндет Конституциямызда анық әрі тура жазылған", – деді Тоқаев.

Президент Қазақстанда мемлекет қаржысы есебінен медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті. Оның айтуынша, тиісті медициналық қызметтер Қазақстан азаматтарына ғана емес, елде тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтардың кейбір санаттарына да ұсынылады.

Тоқаев тегін медициналық көмектің аясында азаматтарға учаскелік дәрігердің қабылдауы, диагностика, шұғыл медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

Сонымен қатар диабет, онкологиялық аурулар, туберкулез секілді аурулар бойынша ем жүргізіліп, кей жағдайда дәрі-дәрмек тегін берілетінін атап өтті. Азаматтарға жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтері де көрсетіледі.

Президент жақында ауыр дертке шалдыққан қазақстандық ғалымның Италиядан санитариялық авиация көмегімен елге жеткізілгенін мысал ретінде келтірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев тегін медициналық көмектің игілігін көріп отырған азаматтардың саны туралы айтып, медициналық жеңілдіктерді заңсыз пайдалануы мүмкін адамдар мәселесіне назар аударды.

Мемлекет басшысының айтуынша, тегін медициналық қызметтердің тізімі кең және азаматтардың басым бөлігі оның игілігін көріп отыр.

Тоқаев сондай-ақ өзі ұсынған "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, қор азаматтарға, әсіресе ауыр дертке шалдыққан балаларға айтарлықтай көмек көрсетіп келеді.

Президент дәрігерлердің мәліметіне сүйене отырып, өткен ғасырдағы соғыстар мен қақтығыстарға, сондай-ақ апаттарды жою жұмыстарына қатысқан адамдарға берілетін жеңілдіктер мәселесін көтерді.

"Бұл оқиғалардың бәрі тарих қойнауына кетті, бірақ, неге екені түсініксіз, ардагерлер жасара береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент осылайша медициналық жеңілдіктерді негізсіз пайдалануға қатысты мәселені көтерді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді