"Қазгидромет" 13 қалада ауа ластанатынын ескертті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, Павлодар, Орал, Ақтөбе, Талдықорған және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Ал түнде мұндай жағдай Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау және Астана қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия секілді қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы.

Мамандар мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық дерттері бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Сондай-ақ 2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды