"Көркем жазу бағаға әсер етпейді": 23 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушыларын не күтіп тұр

Фото: akorda.kz
Қазақстан мектептерінде 2-4-сынып оқушыларын аралық бағалау өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"23-30 қыркүйек аралығында мектептерде 2-4-сынып оқушыларын аралық бағалаудың алғашқы кезеңі өтеді. 2026-2027 оқу жылында 2-4-сыныптарда қалыптастырушы және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Олар бірін-бірі толықтырып, оқу процесі барысында қолданылады", – делінген хабарламада.

Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі. Тапсырмалардың форматы пәнге қарай өзгереді:

қазақ немесе орыс тілі бойынша диктант жазылып, оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар орындалады. Оқушының сауаттылығы мен мәтін мазмұнын түсіну деңгейі бағаланады; әдебиеттік оқу пәнінен мазмұндама немесе шығарма жазылып, оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар беріледі. Бұл ретте оқушының мәтінді түсінуі, негізгі ойды анықтауы және өз ойын жеткізе білуі ескеріледі; математика пәнінен бақылау жұмысы алынады. Оқушының есептеу дағдылары, есептің шартын түсінуі, шешу жолын таңдауы және жауабын негіздей білуі бағаланады.

Әр жұмысты орындауға 40 минут беріледі. Ең жоғары балл 2-сыныпта – 12, 3-сыныпта – 14, ал 4-сыныпта 16 балды құрайды.

Министрліктің мәліметінше, қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүргізіледі. Мұғалім әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30%-ында бағалап, оқу мақсаттарының кемінде 50%-ын қамтуға тиіс. Нәтижелер 10 балдық шкала бойынша бағаланады.

"Егер каллиграфия оқу мақсатына кірмесе, оқушының жазу мәнері балды төмендетуге негіз болмайды", – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Бірінші сынып оқушыларына балдық баға қойылмайды.

"Мұндай тәсілдің басты мақсаты – оқушыға жай ғана баға қою емес, оның оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау, ілгерілеуін бақылау және одан әрі дамытуды қажет ететін бағыттарды дер кезінде белгілеу. Осылайша, бағалау баланың алға жылжуына көмектесетін кері байланыс құралына айналады", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін, 2026 жылғы 8 қыркүйекте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерді 11 жылдық білім беру жүйесіне көшіру жоспары туралы айтқан еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды