Жобаға сәйкес, ұлттық экономиканың және басым салалардың қажеттіліктері ескеріле отырып, сұранысқа ие мамандықтар тізбесін 51-ден 174-ке дейін кеңейту көзделген.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, жобаны қабылдау экономиканың басым салаларына қажетті жоғары білікті шетелдік мамандарды Қазақстанға тартуға жағдай жасауға бағытталған.
Құжат 6 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.