Алматы облысындағы жаңа тұрғын үй кешенінің қасбеті қирай бастаған: кімге 43 млн теңге жаза кесілді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда құрылыс салушы мен қасбеттік тақталарды жеткізуші соттасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы сотының мәліметінше, қасбеттік тақталар Алматы облысындағы тұрғын үй кешенінің құрылысына жеткізілген. Ақаулар анықталғаннан кейін жеткізуші сапасыз тақталарды ауыстырған. Алайда қайта орнатылған панельдер де қирай бастаған. 2,8 мың шаршы метрден астам аумақта көптеген жарықшақ анықталды.

"Зертханалық зерттеулер тақталардың беріктігі мен тығыздығы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін растады. Құрылыс салушы ақаулы тақталарды өз қаражатына бөлшектеп, ауыстыруға, сондай-ақ тиісті қосымша жұмыстарды орындауға мәжбүр болды. Бұған шамамен 23 млн теңге жұмсалды. Бұған дейін құрылыс салушы жеткізушіден сапасыз тауардың құны ретінде 19,35 млн теңге өндіріп алған", – деп хабарлады сот 2026 жылғы 22 қыркүйекте.

Құрылыс салушы сотқа қайта жүгініп, жеткізілген өнімнің сапасыздығынан жалпы сомасы 43 млн теңгеден асатын шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Бұл сомаға ақаулы тақталарды жеткізудің салдарын жоюға кеткен шығындар кірген.

Қасбеттік тақталарды жеткізуші талап арызбен келіспеді. Ол панельдердің қирауына құрылыс салушының оларды орнату технологиясын бұзуы себеп болғанын алға тартты.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініш білдірді. Сот ұйғарымымен іс Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына берілді.

"Сот істі қарап, талап қоюшының шығындары мен жауапкердің тауар сапасына қатысты міндеттемелерін тиісінше орындамауы арасында себеп-салдарлық байланыс бар екенін анықтады. Жауапкердің панельдерді орнату технологиясы бұзылды деген уәжі расталмады", – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

Бірінші сатыдағы сот жауапкерден талап қоюшының пайдасына 43,5 млн теңге шығын, сондай-ақ 4,3 млн теңге сот шығынын өндіріп алды.

Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін қазақстандық танымал әнші Мақпал Жүнісова бір жылға жетпей жатып үйінің жөндеу сапасына шағымданған еді. Ол жариялаған видеода үйдің қаптамасы опырылып жатқаны көрінеді.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Енді құрылыс нысанын реттеу аумақты жоспарлау мен жобаны әзірлеуден бастап, құрылыс жүргізу, пайдалануға беру және одан әрі қолдануға дейінгі бүкіл кезеңді қамтиды.

Қазақстан
Алматы облысы
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды