Қазақстанда тамыз айындағы ең жоғары температура тіркелген қала аталды

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылғы тамыз айы біршама ыстық болды. Алайда тарихи температуралық рекордтар жаңарған жоқ. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері Zakon.kz-ке мәлімдеді.

Тамыздағы ең жоғары температура 15 тамызда Түркістанда тіркелді. Бұл күні ауа температурасы +41,5°C-қа дейін көтерілді. Алайда қаладағы абсолютті ең жоғары көрсеткіш – +46,5°C.

Павлодарда 11 тамызда ауа +37,3°C-қа дейін қызды. Дегенмен 2002 жылы тіркелген +40,6°C рекорд жаңарған жоқ.

14 тамызда Қарағандыда ауа температурасы +36,4°C-қа жетті. Ал қаладағы абсолютті максимум +40,2°C-ты құрайды.

Алматыда да аптап ыстық болды.

"16 тамызда ауа температурасы +38,6°C-қа, 28 тамызда +35,8°C-қа, ал 31 тамызда +36,8°C-қа дейін көтерілді. Алайда 1944 жылы тіркелген +40,5°C рекорд жаңарған жоқ", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Метеорологтардың айтуынша, тамыз нөсерлі жауын-шашынымен де ерекшеленді.

Мәселен, 17 тамызда Павлодар облысындағы Ертіс метеостанциясында 43 мм жауын-шашын түсті. Бұл айлық нормадан асып түсті: қалыпты мөлшері – 39 мм.

Ал 26 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Теректі метеостанциясында 37 мм жауын-шашын тіркелді. Бұл айлық нормадан 8 мм-ге көп.

Қазақстан бойынша 2026 жылғы 22-24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды