Астанада жасөспірімдер көшедегі шығармашылығы үшін жауапқа тартылды

Сурет: pexels
Астананың Байқоңыр ауданында полиция жерасты өткелдерінің қабырғаларына сурет салып, жазу жазған кәмелетке толмағандарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі мәліметінше, жасөспірімдердің ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Байқоңыр ауданындағы жерасты өткелдерінде күн сайын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Өткелдердің қабырғалары да тұрақты түрде тазартылып, олардың тиісті санитарлық жағдайы қамтамасыз етіледі. Алайда рұқсатсыз жазулар мен суреттердің қайта салынуы атқарылған жұмыстың нәтижесін жоққа шығарады", – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдік тұрғындарды қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға және ортақ мүлікті құрметтеуге шақырды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 19 қыркүйекте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке қоғамдық ғимараттардың қабырғаларына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Осыдан кейін Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарға зиян келтіретін граффитиге толық тыйым салуды ұсынды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды