Қазақстанда жүргізушісіз такси қашан іске қосылады

Фото: unsplash
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 22 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында Қазақстанда жүргізушісіз таксиді қашан іске қосу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов елде жүргізушісіз таксидің қашан іске қосылатынын сұрады.

"Қазір біз Digital Bridge форумын күтіп отырмыз. Сол жерде технологияларымызды таныстырып, көрсеткіміз келеді. Алматыда алғашқы жүргізушісіз көлік сынақ режимінде жүріп жатыр. Ол тәжірибе жинап, карталарды әзірлеуде. Осы режимде бірнеше мың шақырым жүруіміз керек. Содан кейін алғашқы коммерциялық сапарларды бастай аламыз", – деді "Яндекс Қазақстан" компаниясының бас директоры Тимур Шалекенов.

Жаслан Мәдиев осы саланы реттеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатқанын айтты.


"Біз нормативтік-құқықтық реттеу мәселесін қатар пысықтап жатырмыз. Қазір іске қосылған пилоттық жоба, біріншіден, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге, екіншіден, айтылғандай, карталарды жасауға көмектеседі. Пилоттық жоба Астана, Алматы және Қосшы қалаларында іске қосылды", – деді министр.

Олжас Бектенов іске қосу мерзімін тағы бір рет нақтылады. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жүргізушісіз таксилерді 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Бұған дейін, 2026 жылғы 24 шілдеде Астанада электрлі аэротаксидің автономды ұшуы көрсетілген еді. Сондай-ақ Қазақстанда алғашқы коммерциялық рейстердің қашан іске қосылатыны және жобаны жүзеге асыру мерзімі неге байланысты екені айтылды.

Қазақстан
Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан