Жоба халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетіктерін жетілдіруге, жұмысқа орналастыру нәтижелілігін және жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Министрліктің мәліметінше, ұсынылған өзгерістер жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттырып, еңбек нарығындағы белсенді саясат шараларының іске асырылуын жақсартуға тиіс.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 28 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бұған дейін Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу мен еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі өзгеретіні туралы жазған едік.
Жұмысы немесе табысы жоқ, өзіне лайық жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуға көмек сұраған кезде жұмыс іздеуші ретінде мына жолдардың бірімен тіркеле алады:
- тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы;
- "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
- "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы арқылы.