Бұл туралы 2026 жылы 23 қыркүйекте облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады:
"Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров өз еркімен қызметінен босатылды. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Мәлік Әбдіқадыровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта сәттілік тіледі. Мәлік Әбдіқадыров қызмет атқарған кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бағытқа жетекшілік етті".
Мәлік Әбдіқадыров 1978 дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: "Қайнар" университетінде құқықтану мамандығы бойынша, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі бойынша білім алған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде Құқық магистрі дәрежесін иеленген.
Ұзақ жылдар бойы облыстық прокуратурада қызмет етті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармаларында басшылық қызметтерді атқарды, "Западная курна"-2 "Лукойл-Оверсиз" жобасы Ирак мемлекеті Басра қаласында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарды.
2020-2024 жылдары — Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Әкім орынбасары қызметіне дейін ол облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.
Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалғаны хабарланды. Бұл лауазымды қызметке Ардақ Зебешев келді.